Ағымдағы шот

lat: Aǵymdaǵy shot

ағымдағы шоттың шарты негізінде банктің клиентке ашатын банк шоты, ол бойынша: клиент ақшасының болуын қамтамасыз етуге және банктің оны пайдалануына; клиенттің пайдасына ақша қабылдауға (есептеуге); банк шотының шартында көзделген тәртіппен үшінші тулғалардың пайдасына ақша аудару туралы клиенттің өкімін орындауға; Қазақстан Республикасының заң актілерінде және (немесе) шартта көзделген негіздер бойынша клиенттің ақшасын алып қою туралы үшінші тұлғалардың өкімін орындауға; банк шотының шартында белгіленген тәртіппен клиенттен қолма-қол ақша қабылдауды және оған беруді жүзеге асыруға; банк шотының шартында айқындалған мөлшерде және тәртіппен сыйақы төлеуге; клиенттің талап етуі бойынша банк шотының шартында көзделген тәртіппен клиенттің банктегі ақшасының сомасы және жасалған операциялар туралы ақпарат беруге; клиентке шартта, Қазақстан Республикасының заңдарында және банк тәжірибесінде қолданылатын іскерлік айналым дағдыларында көзделген өзге де банктік қызмет көрсетуді жүзеге асыруға байланысты операциялар орындалады.